.RU

ҚОҒамдық Қолжетімді пункті (БҰдан әрі – ҚҚП)

Дата22.01.2017өлшемі221.35 Kb.
ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІ ПУНКТІ (БҰДАН ӘРІ – ҚҚП) – бұл мемлекеттік электрондық қызметті алуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпараттық анықтамалар алуға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен.

ҚҚП арқылы алынатын электрондық қызметтердің базалық қайнар көзі мыналар:

- «электрондық үкімет» веб-порталы;

- облыс, облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің веб-сайттары;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басқа да веб-ресурстары.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған сайттар арқылы мыңнан астам ақпараттық-анықтамалық және интерактивтік қызметтерді алуға болады.



Қоғамдық қолжетімді пункттерді қолдану ережелері
ҚҚП-мен жұмыс істеу сенсорлық экран арқылы жүргізіледі, оның көмегімен интернет-ресурстарды қарауға, мәтінді басуға болады және т.б. Құжаттарды, анықтамаларды басып шығару үшін ҚҚП принтермен жабдықталған, басылған құжат ҚҚП корпусының ортаңғы бөлігінде орналасқан экранның астындағы лоток арқылы шығарылады.

Сенсорлық экран саусақты тигізу арқылы жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда мәтінді енгізу, мысалы – іздеу жүйесін қолдану немесе блогқа өтініш жазу, мәтінді енгізу алаңына саусағыңызды тигізіңіз – экрандық клавиатура пайда болады, оның көмегімен Өзіңізге қажетті хабарламаны баса аласыз. Қажетті ақпаратты алу үшін Сізге қажетті сайтқа көшу керек – бас мәзірде тиісті бөлімді таңдап алыңыз. Электрондық үкіметтің порталында жұмыс аяқталғаннан кейін Сіздің жеке мәліметтеріңізді басқа пайдаланушының қолдануына жол бермеу үшін порталдан «Шығу» пернесін басу қажет.

Егер Сізде ҚҚП-мен жұмыс жасау бойынша қиыншылық туындаса, онда ауылдық округ әкімдігінің жауапты маманы (бұдан әрі – маман) барлық қызықтыратын мәселелер бойынша кеңестер береді.

Егер ҚҚП-да кемістік пайда болған жағдайда немесе құрылғының жұмыс істеуінде қандайда бір кемшілік болса не болмаса құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, онда Сізге дереу маманға немесе ҚҚП-ны қолдау қызметіне 8-800-080-88-78 телефоны бойынша хабарласу керек (қоңырау тегін).



«Электрондық үкімет» порталында тіркелу

«Электрондық үкімет» порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) қызметті алу үшін Сізге онда тіркелу қажет.



  1. Тіркелу үшін – басты беттің оң жақтағы жоғарғы бөлігінде «Тіркелу» пернесін басыңыз.



  1. Келесі бетте Келісімді көресіз. Мұқият оқып шығып, жеке тұлғаны белгілеңіз, «Осы Келісімнің шарттарымен таныстым және оларды қабылдаймын» мәтінінің алдына белгіні қойыңыз, содан кейін тіркеу тәсілін таңдаңыз:

- электрондық цифрлық қолтаңбасыз (бұдан әрі – ЭЦҚ) уақытша тіркелу;

- электрондық цифрлық қолтаңбамен тіркелу.

Содан кейін «Тіркеу» пернесін басыңыз.



ЭЦҚ-сыз уақытша тіркелуді таңдағаннан кейін келесі алаңдарды толтырыңыз:

Барлық алаңдарды толтырып болғаннан кейін Сіз «Іздеу» пернесін басыңыз.

Келесі терезелік бетте ұсынылған алаңдарды толтырыңыз, «Тіркелу» пернесін басыңыз.




Ашылған терезелік бетте Сіздің поштаңызға тіркелуді растау үшін сілтеме жіберілгені туралы хабарлама болады.


ЭЦҚ-мен тіркелу тәсілін таңдап, келесі алаңдарды толтырыңыз:

«Сертификатты таңдау» пернесін басыңыз. Ашылған терезелік бетте Сізге электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) сертификатына жолды көрсету керек=>Менің компьютерім=> Салынбалы диск (флэшка) =>Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз бар папка*.




Сертификатты таңдағаннан кейін ЭЦҚ-ны алу кезінде Сізге жіберілген сертификат паролін енгізіңіз. «Ок» пернесін басыңыз.

Келесі бетте Сіздің мәліметтеріңіз көрсетіледі – Т.А. Ә., ЖСН, электрондық пошта мекенжайы, сондай-ақ ЭЦҚ-ның қолданыстағы мерзімі. «Тіркелу» пернесін басыңыз.


Ашылған бетте Сіздің поштаңызға тіркелуді растау үшін сілтеме жіберілгені туралы хабарлама болады.




Тіркеу аяқталды!

«Электрондық үкімет» порталында төлеуді қажет етпейтін «Мекенжай анықтамасын алу» қызметін алудың үлгісі

  1. Қызметті алу үшін Сізге мыналарды орындау керек – порталға кіру, «Кіру» пернесін басу, Өзіңіздің ЖСН мен пароліңізді (тіркелген кезде Өзіңіз құрастырған парольді) енгізу, одан кейін «Жүйеге кіру» пернесін басу.



  1. Қызметті таңдау. «Мекенжай анықтамасын алу» қызметін «Онлайн қызметтер бір тізімде» салым бетінен таба аласыз.



«Мекенжай анықтамасын алу» сілтемесін басқанда, Сіз қызмет бетіне ауысасыз және осы қызметті қалай алу керектігін көресіз. Қызметті алу үшін беттің оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Онлайн қызметке тапсырыс» пернесін басыңыз.





  1. Сұраным алаңдарын толтыру. Келесі бетте Өзіңіздің ЖСН-ді толтырыңыз және «Сұранымды жіберу» пернесін басыңыз.



  1. Қызметті алуға арналған сұранымға қол қою үшін Сізге мыналарды орындау қажет: «Сертификатты таңдау» пернесін басу. Ашылған терезелік бетте электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) сертификатына жолды көрсету керек => Менің компьютерім =>Салынбалы диск => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз бар папка*.

Сертификатты таңдағаннан кейін ЭЦҚ алған кезде Сізге жіберілген сертификат паролін енгізіңіз. «Ок» пернесін басыңыз.



Келесі бетте Сіз туралы деректер көрсетіледі – Т.А.Ә., ЖСН, электрондық поштаның мекенжайы, сондай-ақ ЭЦҚ-ның қолданыстағы мерзімі. «Қол қою» пернесін басыңыз. Сіздің сұранымыңыз жіберілді.





  1. Қызмет көрсету нәтижесін Сіз келесі беттен көре аласыз – Сіз сұранымызды қараудың мәртебесін: мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі қабылдаған сұранымның нөмірімен, оның көрсету мерзімімен және өңделу мәртебесімен көре аласыз.

Аталған қызметті көрсетудің нормативтік мерзімі 30 минут. Сіздің анықтамаңыз порталдағы Сіздің профайлыңыздың «Қызметтер алу тарихы» бөлімінде автоматты түрде сақталады.



«Қызметтер алу тарихы» бөлімінде портал арқылы Сіз сұратқан барлық қызметтер атауларының, сұраным күні мен өңделу мәртебесінің көрсетілуі арқылы бейнеленіледі. «Сұраным өңделді» мәртебесі бар электрондық қызметтердің нәтижесін қарауға болады. Ол үшін беттің сол жақ бөлігіндегі сұранымның нөмірі бойынша өту қажет.



Ашылған беттен Сіз электрондық құжат туралы қысқаша ақпаратты, деректемелер мен құжаттың өзін көресіз. «Нәтижені қарау» пернесін басыңыз.



Қағаз және/немесе электрондық түрдегі мекенжай туралы анықтама немесе бас тарту туралы уәжді жауап сұранымның нәтижесі болып табылады. Анықтаманы салынбалы тасымалдағышта сақтауға немесе басып шығаруға болады, ол үшін сол жақтағы жоғарғы бұрышта принтердің суреті бар пернені басу керек.




«Электрондық үкімет» порталында төлеуді қажет етпейтін «Некеге тұру туралы анықтама беру» қызметін алудың үлгісі

  1. Осы қызметті алу үшін Сізге мыналарды орындау қажет – порталға кіру, «Кіру» пернесін басу, Өзіңіздің ЖСН мен пароліңізді (тіркелген кезде Өзіңіз құрастырған парольді) енгізу, одан кейін «Жүйеге кіру» пернесін басу.




  1. Қызметті таңдау. «Некеге тұру туралы анықтама беру» қызметін бас парақтың «Отбасы» айдарындағы «Отбасы жағдайы» кіші айдарынан табуға болады.


«Некеге тұру туралы анықтама беру» сілтемесін басқанда, Сіз қызмет бетіне ауысасыз және осы қызметті қалай алу керектігін көресіз.

Қызметті онлайн алу үшін беттің оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Онлайн қызметке тапсырыс» пернесін басыңыз.


3. Алаңдарды толтыру және сұранымды жолдау. Ашылған бетте барлық алаңдарды толтырыңыз. Олардың саны қызмет түріне байланысты өзгеріп отырады. Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Сұранымды жіберу» пернесін басыңыз.
4. Сұранымға қол қою үшін Сізге мыналарды орындау қажет: «Сертификатты таңдау» пернесін басу. Ашылған терезелік бетте электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) сертификатына жолды көрсету керек => Менің компьютерім =>Салынбалы диск => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз бар папка*.

Сертификатты тандағаннан кейін ЭЦҚ алған кезде Сізге жіберілген сертификат паролін енгізіңіз. «Ок» пернесін басыңыз.



Келесі бетте Сіз туралы деректер – Т.А.Ә., ЖСН, электрондық поштаның мекенжайы, сондай-ақ ЭЦҚ-ның қолданыстағы мерзімі көрсетіледі. «Қол қою» пернесін басыңыз. Сіздің сұранымыңыз жіберілді.






  1. Қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу. Өйткені бұл қызмет үшін мемлекеттік баж алымы алынады, оны төлеу қажет болады. Ол үшін «Төлеу» пернесін басыңыз.

Ұсынылған тізімнен төлем тәсілін таңдаңыз. Мысалы, «Төлем картасын пайдалану» және «Бұдан әрі» пернесін басыңыз.

Төлем деректемелерін тексеріңіз және «Бұдан әрі» пернесін басыңыз.



Төлем деректемелерін тексеріңіз және «Бұдан әрі» пернесін басыңыз.




Төлем деректемелерін тексергеннен кейін төлем карточкасы туралы ақпаратты енгізіңіз және «Төлеу» пернесін басыңыз.

Карточка туралы ақпаратты енгізгеннен кейін төлемді растаңыз.

Төлемдерді жүргізудің қауіпсіздігі мақсатында кейбір қазақстандық банктер (Halyk bank, АТФ банк, БТА және т.б.) төлем карточкаларында лимиттер (шектеулер) немесе қосымша кодтар орнатады. Егер төлемді жүзеге асыруда проблемелар туындаса, Сізге қызмет көрсететін Банкке жүгіну қажет.

Төлемді жүзеге асырғаннан кейін портал қызметке төлемді растайтын электрондық чек береді. Бұл чек «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінде автоматты түрде сақталады.


  1. Қызмет көрсету нәтижесін қарау. Порталдың оң жақ жоғарғы бөлігіндегі «Қызметтер алу тарихы» салым бетіне өтіңіз.

«Қызметтер алу тарихы» бөлімінде портал арқылы Сіз сұратқан барлық қызметтер атауларының, сұраным күні мен өңделу мәртебесінің көрсетілуі арқылы бейнеленіледі. «Сұраным өңделді» мәртебесі бар электрондық қызметтердің нәтижесін қарауға болады. Ол үшін беттің сол жақ бөлігіндегі сұранымның нөмірі бойынша өту қажет.



Анықтаманы салынбалы тасымалдағышта сақтауға немесе басып шығаруға болады, ол үшін сол жақтағы жоғарғы бұрышта принтердің суреті бар пернені басу керек.





*- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» № 370 Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және бірдей заңдық салдарларға әкеледі.

Павлодар облысының ауылдық аймақтарының тұрғындарына «электрондық үкімет» порталы арқылы қолжетімді электрондық қызметтердің тізбесі (83)


Жылжымайтын мүлік

1.Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама

2.Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті орган жалдаған тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау

3.Тұрғын үй алуға кезекке қою

4.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

5.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу

6.Жылжымайтын мүлiк объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын алуға электрондық өтінішті беру

7.Жылжымайтын мүлiкке тiркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру

8. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру

9. Тұрғын үй көмегін тағайындау

10. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпаратты алу

11. ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу


Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту

  1. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу

  2. Жұмыссыздық туралы анықтама алу

  3. Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою

  4. Сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама беру

  5. Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу


Салық және қаржы

  1. Салық төлеушінің тіркеу мәліметтеріне қарау үшін жеке рұқсатты ұсыну (жеке тұлғалар үшін)

  2. Салықтық міндеттерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу жағдайын қарау үшін салық төлеуші дербес есеп шотынан көшірме жазба беру

  3. Салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер алу

  4. Салық төлеушіні кеңейтілген іздеу

  5. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімі туралы ақпарат ұсыну

  6. Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекеттік меншік объектілерін сатуға шығарылған объектілердің кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат және материал)

  7. Дербес несие есебін алу

  8. Несие тарихындағы ақпаратты даулау

  9. Несие тарихын мониторингтеу


Көлік және коммуникация

  1. Жүргізуші куәлігін алу

  2. Ауылшаруашылық техникасының ауыртпалығының бар/жоқтығы туралы анықтама беру

  3. ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беру және кері қайтару


Отбасы

  1. Туу туралы анықтама алу

  2. Баланы балабақшаға кезекке қою

  3. Бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

  4. Әкелік құқықты бекіту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

  5. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

  6. Балабақшаға кезек нөмірін қарау

  7. Некенің бұзылғаны туралы анықтама беру

  8. Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

  9. Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама беру

  10. Некені бұзу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

  11. Некені тіркеуге электрондық өтініш беру

  12. Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру

  13. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру

  14. Некеге тұру туралы анықтама беру

  15. Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

  16. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

  17. Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі мүлік пен мәмілелерді ресімдеу үшін анықтама алу

  18. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу

  19. Кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін және кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар алу

  20. Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау

  21. Баланың тууын тіркеуге электрондық өтінішті беру

  22. Азаматтық хал-актілерінің куәліктерін апостилдеуге электрондық өтінішті беру


Әлеуметтік қамсыздандыру

  1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

  2. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан базалық зейнетақы төлемі есебімен зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

  3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

  4. Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау

  5. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

  6. Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

  7. Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу

  8. Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу

  9. Мүгедектікті растау туралы ақпарат алу

  10. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алуды рәсімдеу

  11. Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) турал ақпарат алу

  12. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

  13. Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау


Азаматтық, көші-қон және иммиграция

  1. ЖСН туралы мәліметтер алу

  2. Мекенжай анықтамасын алу

  3. Жеке тұлғаның мекенжай деректерін тексеру

  4. Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу


Білім

  1. Жалпы білім беретін мектептерге алу үшін құжаттарды қабылдау

  2. Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

  3. Мектепте тегін тамақтануды алуға өтініш беру

  4. Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

  5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау


Денсаулық сақтау

  1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу


Құқықтық көмек

  1. Талап арыз беру

  2. Cот хаттамасын электрондық түрде беру туралы өтініш беру

  3. Хаттамаға электрондық ескерту-өтінімін беру

  4. Әрекет етпейтін заңды тұлғаларға қатысуын тексеру

  5. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама алу

  6. Облыстық, қалалық және аудандық мұрағаттардан мұрағаттық анықтамалар беру

  7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елдерге жіберілетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою

  8. Мұрағаттық анықтамалар беру


Кезекті брондау

  1. Орталық мемлекеттік органның қабылдауына жазылу.

  2. Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) кезекті онлайн брондау.



Павлодар облысының ауылдық аймақтарының тұрғындарына «электрондық үкімет» порталы арқылы қолжетімді электрондық төлемдердің

тізбесі (42)
Жылжымайтын мүлік

  1. Гараждарға – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  2. Бір объектіден тұратын – тұрғын емес мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, имараттарға) – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  3. Пәтерге, жеке (шаруашылық үй-жайлары мен басқа да осы секілді объектілері бар) тұрғын үйге, шаруашылық үй-жайларына – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  4. Жеке тұрған алты объектіден онға дейінгі объектіден тұратын тұрғын емес мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, имараттарға) – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  5. Сервитутты (қандай объекті екеніне қарамастан) тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  6. Көп пәтерлі (шаруашылық үй-жайлары мен басқа да осы секілді объектілері бар) тұрғын үйге, тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа, тұрғын емес мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, имараттарға) – меншік, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  7. Меншік, жер пайдалану құқығын, жер учаскесіне өзге де құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  8. Заңды талаптануларды тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  9. Жеке тұрған оннан артық объектіден тұратын тұрғын емес мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, имараттарға) – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  10. Кондоминиум объектісін тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  11. Ипотекалық куәлікті беруді және кейіннен оны басқа да иелерге беруді тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  12. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін мемлекеттік алым.

  13. Көп пәтерлі (шаруашылық үй-жайлары мен басқа да осы секілді объектілері бар) тұрғын үйге, тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  14. Жеке тұрған екі объектіден беске дейінгі объектіден тұратын тұрғын емес мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, имараттарға) – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлікпен басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  15. Жылжымайтын мүлік объектісінің құқық иеленушісі деректерінің, сәйкестендіру сипаттамасының өзгертілуін тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  16. Міндеттемесі ипотекамен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша талаптар құқығын беруді тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  17. Жылжымайтын мүліктің жойылуына (зақымдалуына) немесе оған деген құқықтан бас тартуға байланысты және құқықтың ауысуымен байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтардың тоқтатылуын тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  18. Құқытың үшінші тұлғаға ауысуына қатысы жоқ ауыртпалықтың тоқтатылуын тіркеу, оның ішінде жылжымайтын мүлік ипотекасын тоқтатуды тіркеу үшін мемлекеттік алым.

  19. Құқықтың (ауыртпалық құқығының) немесе өзге де заңды фактілердің пайда болуына негіз болып табылатын шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтар ауыртпалығын тіркеу үшін мемлекеттік алым.



Салық және қаржы

  1. Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік салығын төлеу.

  2. Жеке тұлғалардың салықтары бойынша өсімпұлды, айыппұлды, берешекті төлеу.

  3. Елді мекендердегі жерлерге жеке тұлғалардың жер салығын төлеу.

  4. Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу.


Көлік және коммуникация

  1. Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж салығы.

  2. «Қазақтелеком» АҚ байланысының қызметін төлеу.

  3. Ұялы байланыс қызметін төлеу


Отбасы

  1. Туу туралы анықтама беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  2. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы анықтама беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  3. Некеге тұру туралы куәлікті қайталап беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  4. Бала/қыз асырап алу туралы куәлікті қайталап беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  5. Некенің бұзылғаны туралы анықтама беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  6. Туу туралы куәлікті қайталап беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  7. Некеге тұру туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  8. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуі туралы куәлікті қайталап беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  9. Қайтыс болу туралы анықтама беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  10. Некеге тұру туралы анықтама беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  11. Некені бұзу туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  12. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж алымы.

  13. Әке болуды анықтау туралы куәлікті қайталап беру үшін мемлекеттік баж алымы.


Азаматтық, көші-қон және иммиграция

  1. Жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж алымы.

  2. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тіркелу) үшін мемлекеттік баж алымы.

  3. Паспорт алу үшін мемлекеттік баж алымы.





Ескертулер үшін



Достарыңызбен бөлісу:

o-provedenii-otkritogo-chempionata-i-pervenstva-gorodskogo-okruga-samari-po-klassicheskomu-pauerliftingu-v-2012-godu.html
o-provedenii-otkritogo-chempionata-severo-zapadnogo-federalnogo-okruga-po-badmintonu.html
o-provedenii-otkritogo-konkursa-na-pravo-zaklyucheniya-koncessionnogo-soglasheniya-v-otnoshenii-obektov-teplosnabzheniya-stranica-3.html
o-provedenii-otkritogo-konkursa-na-pravo-zaklyucheniya.html
o-provedenii-otkritogo-konkursa.html
o-provedenii-otkritogo-kubka-omskoj-oblasti-po-bodibildingu-bodifitnesu-i-fitnesu.html
  • turn.bystrickaya.ru/ou-zhilini-zdk-tleg.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-obzh-nazvanie-predmeta-ili-kursa-dlya-8.html
  • essay.bystrickaya.ru/doklad-dlya-ocenki-effektivnosti-deyatelnosti-organov-mestnogo-samoupravleniya-miasskogo-gorodskogo-okruga-za-2010-god-stranica-4.html
  • turn.bystrickaya.ru/organizaciya-perevozok-i-upravlenie-na-transporte-chast-19.html
  • literature.bystrickaya.ru/dnya-rozhdeniya-goroda-v-kingiseppe.html
  • predmet.bystrickaya.ru/rukovodstvo-po-organizacii-obucheniya-disciplini.html
  • grade.bystrickaya.ru/metodika-provedeniya-issledovanij-voprosi-anketi-dlya-molodezhi-voprosi-anketi-dlya-roditelej-stranica-3.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-17-prestupleniya-protiv-pravosudiya-v-p-malkov-doktor-yuridicheskih-nauk-professor.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uliss-roman-povestvuet-obodnom-dne-shestnadcatogo-iyunya-1904gizzhizni-dublinskogo-evreya-tridcati-vosmi-let-leopolda-bluma-idvadcatidvuhletnego-stivena-dedala.html
  • lecture.bystrickaya.ru/andrievskaya-zinaida-nikolaevna-geroi-socialisticheskogo-truda.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/provedenie-viii-dnej-specialnosti-finansi-i-kredit-programma-provedeniya-etogo-goda-vklyuchala.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tematicheskij-plan-121-gruppa-1-kurs-1-semestr.html
  • college.bystrickaya.ru/2-metodicheskie-ukazaniya-po-organizacii-samostoyatelnoj-raboti-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-marketingovie.html
  • college.bystrickaya.ru/02022011-kommercheskie-vesti-omsk-bil-tak-dovolen-chto-prodal-magistral-i-uehal-v-sochi.html
  • essay.bystrickaya.ru/dogovor-prokata-arendi-transportnih-sredstv-dlya-kategorij-povisheniya-kvalifikacii-specialisti-finansovo-ekonomicheskih.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/rossini-dzhoakkino.html
  • composition.bystrickaya.ru/pervichnaya-profsoyuznaya-organizaciya-kuzbasskogo-otryada-vedomstvennoj-ohrani-filiala-federalnogo-gosudarstvennogo-predpriyatiya.html
  • tasks.bystrickaya.ru/22-marta-v-2000-sostoitsya-otkritie-pervogo-mezhdunarodnogo-muzikalnogo-turnira-terem-crossover-akademicheskaya-kapella-nab-reki-mojki-20.html
  • shpora.bystrickaya.ru/zadaniya-praktikum-po-russkomu-yaziku-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini.html
  • spur.bystrickaya.ru/korrupciya-kak-obekt-matematicheskogo-modelirovaniya-chast-8.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/poznavatelnij-kruiz-provizorov-i-farmacevtov-kazani-itogi-deyatelnosti-farmacevticheskoj-spravochnoj-sluzhbi-soyuzfarma.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/osobennosti-proektov-po-vnedreniyu-dopolnitelnih-uslug-operatorov-svyazi.html
  • credit.bystrickaya.ru/politicheskie-nauki-byulleten-novih-postuplenij-nb-kubgu-za-fevral-2005-god.html
  • notebook.bystrickaya.ru/imidzh-v-turizme-uchebnik-dlya-vuzov.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/vtoroj-god-podryad-administraciya-vinosit-na-sud-obshestvennosti-plani-po-zastrojke-mikrorajona-nikolaevskij.html
  • literature.bystrickaya.ru/ekzamenacionnie-voprosi-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-istoriya-istoricheskoj-nauki-istoriografiya-vid.html
  • studies.bystrickaya.ru/glava-27-kto-zashitit-predprinimatelya-kniga-zhizni-ili-put-k-svetu.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/specialnost-13-00-03-korrekcionnaya-pedagogika-stranica-2.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/nizkij-poklon-otzivchivim-peterburzhcam-tradicionnaya-prednovogodnyaya-vstrecha-delovogo-kluba-zhenshini-budushej-rossii.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razrabotka-uroka-po-izobrazitelnomu-iskusstvu-v-6-m-klasse-tema-iskusstvo-ego-vidi-i-zhanri.html
  • desk.bystrickaya.ru/otchet-o-nauchno-issledovatelskoj-rabote-na-temu-razrabotka-modificirovannih-metodov-videleniya-guminovih-veshestv-dlya-polucheniya-biologicheskih-preparatov-na-osnove-vermikomposta.html
  • composition.bystrickaya.ru/olimpiada-po-russkomu-yaziku-dlya-5-klassa.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tehnicheskoe-zadanie-komplektovanie-knizhnih-fondov-bibliotek-uchrezhdenij-kulturi-yuzhnogo-administrativnogo-okruga-g-moskvi-za-schet-sredstv-mezhbyudzhetnih-transfertov-iz-federalnogo-byudzheta-v-2011-g.html
  • shkola.bystrickaya.ru/metodicheskie-materiali-45-inostrannij-yazik-47-literatura-stranica-10.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-5-psihologicheskoe-konsultirovanie-hotelos-bi-ne-tolko-zadat-eti-voprosi-no-i-popitatsya-otvetit.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.