.RU

Қоғамның жаңа әлеуметтік дамуында тұлғалық қасиеттер қалыптастыру Абдықадырова Т. Р. Тараз қ. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Дата18.02.2017өлшемі145.39 Kb.
Қоғамның жаңа әлеуметтік дамуында тұлғалық қасиеттер қалыптастыру
Абдықадырова Т.Р.

Тараз қ. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Адам мәселесін жеке дара алып қарауға болмайтындығы, оның белгілі бір әлем деңгейінде қарау қажеттілігі туындайды. Философияның негізгі бөлімдері әлем туралы ілім (батыс дәстүрінде онтология ретінде белгіленген) және адам туралы ілім (антропология). Оның тарих философиясы, әлеуметтік философия, білік туралы ілім сияқты бөлімдері және басқалары осы онтология мен антропологияға негізделеді. Онтология әлемді болған күйінде өздігінше бейнелеуге тырысса, философиялық антропология адамның болған күйіндегі көрінісін жасаумен шектелмей, оның қандай болу керектігін бейнелейді. Адамның жалпы мән мағынасына және қолда бар болмысына қанағат тұтпай, ол қандай да бір идеал, Адам эталонын, Кемел адамның өзіндік моделін шығарады. Осылайша философия тек қана ағартушылық емес, сонымен қатар тәрбиелік, адамды қалыптастырушы қызмет атқарады. Философия өзінің Әлем туралы және Әлемдегі Адам туралы, Әлемнің Адаммен және Адамның Әлеммен байланысы туралы ілімімен адамға соншалықты жалпылама тұрмыстық, дүниетанымдық көзқарас бағдарлары мен империативтерге жөн сілтейді, осылайша тікелей немесе жанама түрде оның кемелденуіне үлес қосады. С.Л. Рубинштейн былай деп жазады: «Болмысқа, Жиһанға деген дұрыс көзқарас – бұл ірі тұлғалы адамды қалыптастырады, адамның өмірде өресі биік, қаһармандық негізін қалайды». Жөні түзу (шынайы) философия дегеніміздің өзі Адамның Әлемге, осылайша басқа адамдарға және өзіне деген түзу көзқарасын ынталандыратын философия болса керек,- дейді [1,20].

Біз бүгінгі күннің адам, оның ішінде жетілген кемелденген түрі «тұлға» ұғымының мәнін, мазмұны мен болмысын, адамдар арасындағы қарым-қатынасын, бойындағы мәдени және рухани құндылықтарын қарастырамыз. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында тұлғаға мынандай анықтама берілген: Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Тұлға философиялық тұрғыда адамды «адам» ретінде тануға, яғни оның рухани адамгершілік, ділдік мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Философиялық, педагогикалық, психологиялық және т.б. ғылым салаларының тарапынан берілген анықтамаларда «тұлға» қоғамның ең бір құнды бөлігі ретінде дәлелденген.

Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі.

Қоғамдық гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсысында болсын адам ортақ мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өз ара ықпалдастығы мен бір-біріне әсерін анықтайды.

Психологияда тұлға өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз «менін» өзге «меннен» ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Тұлға бойындағы адамгершілік қасиеттің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады [2,525].

Философиялық сөздікте адамға байланысты мынандай анықтама бар: «Адам-жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи процесінің дамуының субъектісі, өмірдің басқа формаларымен генетикалық жағынан байланысты, еңбек құралдарын өндіру қабілеті арқасында олардан бөлініп шыққан, анық сөйлей алатын, ойлай алатын, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тірлік иесі» [3,265]. Адамның қоғамдық байланыстары мен сипаттамаларының мәнісін атап көрсете келіп, марксизм жекелеген индивидттерді әсте бір қалыпқа салмайды, өзіне тән мінез-құлық, ерік-жігері, қабілеті және құштарлығы бар жеке адамдардың ерекше қасиеттерін кемітпейді. Керісінше адамдардың осынау жеке тұлғалық қасиеттерін айқынырақ көрсету, ғылыми тұрғыдан түсінікті ету үшін жалпы заңдылықтарға назар аударады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өз ара күрделі әсерін ескереді, әлеуметтік факторлардың басымдылығын анықтайды. Болашақтың адамы – парасатты, иманды, елгезек те қаракетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін адам; ол адамның мәндік күшінің шын бірлігінің мұратын, оның рухани және тәндік кемелдігінің мұратын бейнелейтін салиқалы, жан-жақты дамыған тұлға. Нақ қайталанбас, өзіндік бітімді, жеке-дара «Мені» бірегей тұлға ретіндегі адам өзін қоғамдық тірлік иесі ретінде танытады делінген [3,11].

Адамның жан-жақты дамуы – қоғамдық мәдениет байлығын игеру нәтижесінде қоғамның әрбір мүшесінің еңбегі жинақы іске, игілікті әрекетке, ал адам іскер және шығармашыл жеке адамға айналады. Бұл адамды тар өрісті еңбек функциясына басыбайлы, біржақты «жарым-жарты» ететін әлеуметтік еңбек бөлінісін жойғанда ғана мүмкін болмақ. Бұл бір адамның бойына бүкіл және әртүрлі еңбек функцияларын, мамандықтарын және т.б. өзіне-өзін қабыстырып жинау арқылы емес адамнан жоғары тұрған дербес әкімшілік бақылаушы, бөліп тұрушы және т.б. функцияларды қажет етпейтін шын мәнісіндегі адамның жан-жақтылығын дамыту арқылы іске асады.

Адам еңбек процесінде бұл функцияларды өзінің жинақы әрекетіне айналдырады, сөйтіп жан-жақты және шығармашылық субъектіге айналады Жаңа кезең жай сегіз қырлылықты емес, адам дамуының тұтастығын, үйлесімділігін талап етеді. Қоғам дамуының принципі әрбір жеке адамды толық және еркін жетілдіру болып табылады [3,12].

Яғни ешкімнің бұйрығынсыз шығармашыл, үйлесімділікте, тұтастықта толық және еркін дамитын адамды қалыптастыру әр кезеңде үлкен қажеттілік туғызып отырған. Мұндай жан-жақты жетілген адамды қалыптастыру педагогика ғылымының үлесінде ғасырлар бойы өзекті мәселе болып келеді.

Философия ғылымдарының докторы А.Нысанбаев өзінің «Тәуелсіздік Қазақстан философиясы» атты еңбегінде: «Халықтың өзіндік санасы мәдени және тарихи тамырдан ажырауы мүмкін емес және оның үстіне, ол жаңашылдық даму үдерісіне бойлаған берік мәдени және философиялық дәстүрге сүйенбей дамуы мүмкін емес, сонымен қатар дәстүрді ескермеген қандай да бір мәдени жаңалық болуы да мүмкін емес»,-деп көрсетеді.

Біздің пікірімізше, халықтық сана мен дәстүрді бойына қалыптастырған тұлға тәрбиелегенде ғана адамзаттың рухани биіктерге өрлеуіне ықпал жасайтын, Қазақстанның болашағының жарқын болуына еңбек ететін ұлттық тұлғаның қалыптасуын негіздей аламыз. Өткен тарихи кезеңдерде «ұлттық тұлғаға» деген көзқарас үстірт болатын, тіпті ұлттық деген сөздің өзіне кереғар пікірлер айтылып келді. Ұлтын сүйген ұлдарын «ұлтшыл» деп жазалап жатты. Оның бірден бір куәгері-алаш зиялыларының атылу жазасына тартылуы. Қазақтың барлық рухани саласында жазған ұлттық мәселелерді батыл көтерген еңбектері мен көркем шығармаларының бірден саяси репрессияға ұшырап, жетпіс жыл бойы қолданыстан шығып қалуын айтсақ та жеткілікті. Тек еліміз егемендікке ие болған ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана халқымыздың тарихындағы ақтаңдақтардың беті ашылып, ұлт зиялыларының есімдері мен шығармалары рухани игілікке айнала бастады. Ол 1988 жылғы Қазақстан Орталық Комитетінің арнаулы қаулысынан соң ғана жүзеге асты. Халық санасынан сызылып тасталған ұлт көсемдері атанған ұлы тұлғалар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаевтардың т.б. ғылыми педагогикалық және көркем шығармалары әр сала бойынша енді ғана ғылыми айналымдарға еніп жатыр. Осындай жағдайда рухани тарихымыздың ұлылыққа толы ұлттық тұлғаларының еңбектерін зерттеп-зерделеу, олардың бойындағы адами қасиеттерін яғни, әлемді рухани игеруге тырысқан, даналықты жоғары көтерген, сөз қадірін басқа құндылықтардан жоғары қоя білген тұлғаларымыздың еңбектерін жастардың бойына тәрбиелік жолмен дарыту үлкен міндет саналады.

Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн,- дейді Н.Ә.Назарбаев [1,13].

Халық руханиятының және даналығының бастауларын бойына қалыптастырған, «Жеті атасын білетін ер мен жеті ғасыр тарихын білетін елді», мәдениеті жоғары деңгейде дамыған ұлттық мемлекетті басқаратын, оның дамып қалыптасуына өз ерік жігерін қосатын ұрпақ тәрбиелеу, ұлттық тұлға қалыптастыру күннен-күнге беки түсіп, қажеттілік туғызып отыр.

Қ.Жарықбаев «Жантану атауларының түсіндірме сөздігі» атты психологиялық еңбегінде тұлғаға мынандай анықтама береді: «Тұлға – 1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға- әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстанымын, орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Ол қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып туылмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады»,-деп көрсетеді [4,309].

Адам тұлға болып туылмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып қалыптасады,-деген пікірмен келісе отырып, осы әлеуметтену жағдайында әрбір ұлттың ұлттық ерекшелігіне деген жауапкершілігін, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесін енгізуді тереңдете, жетілдіре түскенде ұлттық қасиеттерді бойына қалыптастырған ұлттық тұлға тәрбиелей аламыз.

Кеңес психологиясының таңдаулы өкілдерінің бірі –Леонтьев А.Н. және оның мектебінің зерттеулері адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты мәселесін және оны зерттеудің барабар әдістерін жасауға бағыттайды. А.Н.Леонтьев адам психикасының қоғамдық-тарихи бағытын дамыта отырып, адамда тәжірибенің екі түрі - туа берілетін және жүре пайда болатын – ғана емес, оған қоса үшінші түрі де болатындығын дәлелдейді. Ол адамзаттың өмір сүру барысында игерілген тәжірибесі болып табылады. Адам тұлғасының ерекшелігі осы тәжірибенің негізінде дамитындығына тоқталады. Бұл тәжірибенің алдыңғы екеуінен мазмұны жағынан ғана емес, игерілу механизмі бойынша да айрымашылығын анықтайды. Ол даму туралы айтқанда адамға тән қасиеттердің дамуы, жалпы тұлғаның дамуы қоғамдық тәжірибені меңгеру процесінде жүзеге асады деген ойды ұстанады.

Тұлға тек психологияның ғана құралы емес, сонымен бірге философияның, қоғамдық-тарихи танымның құралы. Диалектикалық түсініктерде, «индивид» және «тұлға» ұғымдарының айырмашылықтарының маңызды әдіснамалық мәселелері тек объективті қатынастардың екі жақтылығынан туатын әлеуметтік объектілер идеологиялық еңбектерде қарастырылады. «Тұлға» ұғымының бір жақты емес екендігі әдіснамалық түсінбеушіліктен пайда болады. Бұл бір жақтылық, егерде материя алғашқы деген ұғымдағы ойшылдардың пікірін қабылдайтын болсақ, бірден жойылды, яғни тұлға – қоғамдық қатынастар жүйесіндегі табиғи индивид ретіндегі ерекше қасиет.

Адамның сыртқы болмысы туралы мәселелер және оның дене құрылымының ерекшеліктері тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріндегі адам конституциясының негізіне сүйенбей қарастырылуы мүмкін емес. Тұлға теориясында әдеттегі У. Шелдон конституциясына, Айзнек факторына, И.П.Павловтың жоғары жүйке іс-әрекетінің типтеріне тоқталмай өту мүмкін емес. Индивид және тұлға ұғымдарын ажырата алу тұлғаны психологиялық талдаудың алғышарттары ретінде қарастырылады. Жаңа адамның қалыптасуы – бұл тұлғаның дамуын жан-жақты тәрбиелеу. Сондықтан тұлға мәселесі психологияда ерекше мәнге ие. Тұлғаның дамуы әрқашан дараланған және қайталанбайтын процесс [5,14].

Талдаудың белгілі бір деңгейінде тұлғаны биологиялық табиғаты жағынан антропологияның, тәнтанудың және адам генетикасының да шұғылданатын пәні деп те қарастыруға болады. Интуициялы тұрғыда біз бұлардың айрымашылығын ажырата аламыз. Бірақ тұлғаның психологиялық теорияларында тұлғаның зерттелуі барысында өрескел шатастырулар және көптеген дәлелсіз қарама-қарсылықтар үнемі туып отырады.

Ғалымдардың бірі тұлғаны ешбір қайталанбас біртұтас ретінде қарастырса, ал екінші біреулері тұлғаны барлық психикалық процестерді басқаратын инстанция ретінде алған. Айталық, У.Джемс тұлғаны – психикалық функциялар «қожайыны» десе, Г.Оллпорт – «мінез-құлық пен ойлардың анықтаушысы» деп атаған [6, 64].

Тұлға сөзі тек адамға қатысты ғана және тек оның дамуының белгілі бір кезеңінен бастап қана қолданылады. Біз «жануар тұлғасы» немесе «нәресте тұлғасы» деп айтпаймыз. Бірақ ешкімге жануар және нәресте туралы олардың индивид ретінде жеке дара ерекшеліктері туралы айту қиынға түспейді. Біз екі жастағы бала туралы, ол тек өзінің генетикалық ерекшеліктерін ғана көрсетпей, әлеуметтік қоршаған ортаның әсерінен алынған көптеген ерекшеліктерін көрсетсе де, шындығында тұлға деп айтпаймыз және де осы жағдай тұлғаны биологиялық және әлеуметтік факторлар араласуындағы өнім ретінде түсінудің қарсылығын дәлелдейді.

Тұлға генотиптік қамтамасыз етілген бүтіндік емес: тұлға болып қалыптасады. Тұлға арнайы адамдық құрылым, яғни адамның санасы, оның қажеттіліктері сияқты адам тұлғасы да жасалады, қоғамдық қатынастармен құралады, оған индивид өзінің іс-әрекетімен кіреді. Оның индивид ретінде кейбір еркешеліктері мүлде өзгереді, өзгеретін жағдай мұның себебі емес, оның тұлғасының қалыптасу нәтижесі [6, 70-71].

Ғалым Рубинштейн С.Л. (1889-1960) өзінің “Жалпы психологияның негізі” еңбегінде: Адам өз біліктілігін көтеру үшін білім алуы керек, ол іс-әрекетке қосылған кезде ғана жетіледі. Ал мектеп қабырғасындағы жылдарда оқуға ерекше мән беріледі, себебі бала білім ала отырып дамиды. Оқудың бұл кезеңі адам қалыптасатын іс-әрекеттің негізгі түрі болып табылады. Ойында, оқуда, еңбекте – тұлға барлығында бірге және әрқайсысында өзінше туындайды және қалыптасады,-деп жазады. Өзінің тұлғалық принципті анықтауында Рубинштейн С.Л. психологиялық ғылымдағы қалыптасқан жағдайды қолданды, бірақ осы жағдайды талдауды жалпы философиялық бағыттағы адам және оның еңбегі, іс-әрекеті негізінен алады. Өзінің ғылыми іс-әрекетінің бірінші кезеңінде ол-тұлғаның дамуы мен пайда болуын, оның іс-әрекетін айрықша белгілейді, ал екіншісінде-тұлғаның белсенділігі туралы айтады [6, 162-164].

Тұлға мен іс-әрекеттің арақатынасы жайлы әдіснамалық мәселені ресей ғалымы, психолог Анцыферова Л.И.: «Тұлға іс-әрекет кезінде дамиды деген қағида - әрбір іс-әрекет тұлға дамуына жағдай жасайды деген сөз емес. Бұл жағдайда іс-әрекет туралы тұлға жүйесінің дамуы үшін ашық принцип тезисі жүзеге асады”,- десе, көрнекті ғалым Асеев В.Г. «Адамның өмірінің мәні қажеттіліктерді қанағаттандыруда ғана емес, іс-әрекеттің өзінде»,-деп анықтама береді. Ол біздің кіршіксізден аса алыс жатқан қоғамымызда толығымен сау адамдарды кездестіруге болады. Олар түгел жетілген емес, бірақ сондай керемет тартымды. Мүмкін біздің уақтымыз бен біздің мәдениетімізде адамның қаншалықты кірсіз боларын біз әлі білмеспіз дегенді айтады [6,165].

Ал, Маслоу А.Х. (1908-1970) өзінің “Мотивация және жеке тұлға”деген еңбегінде адамның өзін-өзі кемелдендіруіне байланысты: «Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар түбінде басқалардан өзіндік ойлары және мінез-құлқымен ерекшеленеді. Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар әдеттегі адамдардың әлсіздігін байқағанда жиі қайғырады, өзінен-өзі ашуланады. Олар тіпті бұзақы антұрған адамдармен қарым-қатынаста да адамдық арын таптауға бармайды. Бұл жағдайда олар өздерінің жамандық пен жақсылық, жақсы мен жаман туралы нақты көзқарастарын басшылыққа алады. Олар жамандықтан қашу, келеңсіз әрекеттерден шеттету орнына, онымен күресуге дайын тұрады», -деген анықтама береді.

Тұлғаға байланысты Маслоу А.Х. тұжырымына сүйенер болсақ, тыныш және өзіне деген сенімі мол ортада баланың сүйікті, аяулы болып қалыптасатынын байқаймыз. Бұл жөніндегі арнаулы зерттеулерде айтылғанындай; -позитивті психологияда, әрине өз-өзіне сенімі мол, жақсы, бақытты, демократиялық көзқарасы қалыптасқан, бейбітшілік сүйгіш, жомарт, дана, мықты тұлға тек жақсы ортада қалыптасатынына көз жеткіземіз. Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді зерттеу үшін арнайы ғылыми зерттеу мекемелерін, институттарын ашу жөнінде сол кездің өзінде жан-жақты сөз қозғалған. Ал, Маслоу А.Х. сол идеяны қайта жаңғыртып, мейрім, көмекке әзір тұру, шыдамдылық, достықты қастерлейтін, әділдікке ұмтылу сияқты әлеуметтік қасиеттердің дамуына не әсер етеді? Адамдар неге бір-бірінен өзгеше? Өз ісіне берік адамдар қайдан шығады? Ең жақсы зерттеу нысаны – бақытты, салмақты, қанағатшыл, бейбітшілік сүйгіш тұлға қалай қалыптасуы керек?- деген сауалдар төңірегінде толғана отырып, осы мәселелерді зерттеуге зейін қояды [6,312].

Өзінің жеке тұлға теориясында гуманистік және жекедаралық тұрғыны біріктірген гуманист Оллпорт Г.У. (1897-1967) болса, адам табиғатының – жеке тұлғалық даму, өзін-өзі жеңе білу мүмкіндіктерін толық іске асыру аспектілерін зерттеген. 1937 жылы сол кезде белгілі болған жеке тұлға анықтамасының 50-ге жуығын жүйелеп, солардың ішінен: терминнің этимологиясына, философиялық заңға, әлеуметтік мәндері мен сыртқы көріністеріне, психологиялық және теологиялық мәніне байланысты жіктейді.

Оның теориясының негізінде екі идея жатыр: 1) әрбір адамның әр қилы ситуациялардағы мінез-құлқын айқындайтын өзіне ғана тән қасиеттерінің жиынтығы болады; 2) әрбір адам өзінше жеке дара, әлемде мүлде бірдей екі адамды табу мүмкін емес деген ойларды оның еңбегінен кездестіруге болады.

Адам өміріндегі процестердің қазіргі замандағы физикалық процестерге қарағанда парадоксалдылығы кем емес. Бір уақытта әрі шекті, әрі шексіз ғарышты; бір уақытта, әрі толқын, әрі бөлшек болатын жарықты, орбиталар арасындағы кеңістікті бұлтартпастан бірінен екіншісіне көшетін электрондарды біз қалай түсіне аламыз? Осылайша адамның жеке тұлғасы да бір уақытта әрі құрылым, әрі процесс; әрі биологиялық, әрі рухани тіршілік иесі болып табылады, деп Оллпорт Г.У. адам табиғатының ерекшелігіне, күрделілігіне тоқталады.

Психолог Айзнек Г.Ю. (1916-1997) өзінің “Жеке тұлға құрылымы” атты еңбегінде: «Жеке тұлға – бұл қажет ақпаратты алу үшін жеткілікті уақыт мөлшерінде шынайы мінез-құлықты бақылауда анықталуы мүмкін іс-әрекеттердің жиынтығы», деген Уотсонның сөзін бихевиористік анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз,-дейді [6,399]. Принст сөзін психодинамикалық анықтаманың негізінде келтіреді: «Жеке тұлға – бұл индивидтің тума биологиялық диспозицияларының, инстинктілерінің, құмарлықтарының және өмір сүру барысында иеленген бейімділіктері мен бітістерінің жалпы жиынтығы»,-дейді. Өзі төмендегідей анықтама ұсынады: «Жеке тұлға – бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене құрылысының (конституциясының) азды-көпті тұрақты құрылымы»-дейді. Айзнек Г.Ю. жеке тұлға теориясын адамның биологиялық құрылымдары: дене құрылымы, жүйке жүйесі, ми және белгілі жеке тұлғалық қасиеттері арасында қатаң сәйкестік құруға ұмтылады [6,400].

Қоғамның жаңа әлеуметтік даму жағдайында оқушылардың бойына ұлттық тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда қазақстандық философ, психолог, педагог ғалымдардың теориялық еңбектерінің негізіне қысқаша тоқталып өтейік. Т.Сәрсенбаев «Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет» атты еңбегінде ұлттық тұлға қалыптастыруда ұлттық психологияның орнына тоқталады. Ол: «Ұлттық психологияға ұлттық мінез-құлық, ұлттық ой-сана, сезім жатады. Ұлттық мінез-құлық бұл әлеуметтік психологиялық категория: шаруашылық пен тұрмыс, мәдениет пен наным салаларындағы және сыртқы құбылыстарды қабылдау әдісіндегі өзіндік ерекшеліктерін білдіретін ұғым. Оның нәсілдік көрініспен ешқандай байланысы жоқ. Ұлттық ой-сана негізінен өз ұлты мен басқалардың түбегейлі мүдделерін түсініп білуде. Ұлттық сезім ұлттық ой-санадан ерекшелеу-бұл адамның түрлі өмірлік құбылыстар мен жағдайларды, ұлттық мүдделерді өзіндік тұрғыдан түсінуі. Ұлт бар жерде ұлттық сезім де бар, ол құрметтелуі керек»,-дейді [7, 8]. Ұлттық тұлға бойындағы ұлттық сана- сезімі мен қадір қасиеті өзге ұлттардың да өзіндік ерекшеліктерін, ұлттық қадір-қасиетін құрметтеуден тұратындығына бағытталады. Ғалым «Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті» атты еңбегінде: «Шын мәніндегі ұлттық сана-сезім тек өз халқының ғана емес сонымен бірге басқа халықтардың да ролін ұғына білуге байланысты болады. «Өз халқына деген сүйіспендігі жоқ адам, өзге халықтарды да сүйе алмайды» деген белгілі қағиданы «Басқа халықтарға сүйіспендігі жоқ адам өз халқын да сүйе алмайды» деп өзгертуге болады»,-деп ойын дәлелдей түседі [8,20].

Сондықтан елін сүйген әрбір ұлт, ұрпақ ұлтының ұлттық қасиетін, салт-дәстүрін, табиғи мінез-болмысын қадірлеп өскені жөн. Айталық, қазақтың рухани дүниесі, әдебиеті, өнері, мәдениеті, тарихы бай халық. Қазақ - солардың бәрін жазу-сызуы болмаса да жадында сақтап, бүгінгі ұрпаққа сол қалпында жеткізген ұлы халық. Шынында да қазақ айтылған сөзді ұққан және соған тоқтаған. Мұндай туа бітті мәдениеттілік еш халықта кездеспейді. Әсіресе, өлең-жыр сөздерін естіген сәтте қағып алып, қайталап айта беретін, бір жаттап алған өлеңдерін қанша ұзақ болса да, көпке дейін ұмытпай айтып жүретін, келесі ұрпаққа айтып жеткізіп отыратын ерекшелігі бар халық. Бұл - оның сана-сезімінің сергек, жадының мықтылығын көрсетсе керек. Бұл - халықтың өркениеті мен өмір-тіршілігіне, сөзқұмар, ақынжанды, құймақұлақ, т.б қасиеттеріне байланысты қалыптасқан ерекшелік болса керек. Атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған ақындық қасиет, жалпы қазақ жадының басқа елден ерекше болып қалыптасуына игілікті әсерін тигізген салт-дәстүрі, оның рухани ұйытқысы болып саналады. Еуропа елдері бұл жөнінде алып тұлға ретінде Гомерді атайды. Қазақ халқы жадында 1 миллион өлең жолын сақтап, жатқа айта білген жыр алыбы Жамбылды атап келеді. Ал, қазақ халқының ресми жазба тарихы қытай, араб, түркі, т.б. елдерде сақталғаны белгілі. Міне, осынау мол рухани байлық ұлт тұлғаларын тәрбиелеуге орасан зор үлес қосқаны анық.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Философия тарихы. 14том. –Алматы, 2006.-460 б.

  2. Қазақстан ұлттық энциклопедия. Бас ред. Б.Аяған.«Қазақстан энциклопедиясының» Бас редакциясы. – Алматы, 2006.- 704 б.

  3. Философиялық сөздік. Редкол. Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдін ж.б. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1996.- 525 б.

  4. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі.- Қ.Жарықбаев, О.Сангилбаев. –Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006.- 384 б.

  5. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 2-том.-Алматы, 2005.- 476 б. «Мәдени мұра» Мекмлететтік бағдарламасының кітап сериялары. Бас редакцияның алқасы. Тасмағанбетов И.Н.-бас редактор.

  6. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 5-том.-Алматы, 2005.- 429 б. «Мәдени мұра» Мекмлететтік бағдарламасының кітап сериялары. Бас редакцияның алқасы. Тасмағанбетов И.Н.-бас редактор.

  7. Т.Сарсенбаев. «Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. -Алматы, 1990.- 47 б.

  8. Т.Сарсенбаев. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. -Алматы, 2000.-86 б.


Достарыңызбен бөлісу:

o-provedenii-otkritogo-obshestvennogo-konkursa-pismennih-rabot-uchashihsya-i-studentov-obrazovatelnih-organizacij-posvyashennogo-70-letiyu-pobedi-v-velikoj.html
o-provedenii-otkritogo-pervenstva-krasnoselskogo-rajona-po-akrobaticheskomu-rok-n-rollu.html
o-provedenii-otkritogo-treh-etapnogo-pervenstva.html
o-provedenii-otkritogo-zaprosa-predlozhenij-na-pravo-zaklyucheniya.html
o-provedenii-pervenstva-respubliki-dagestan-po-futbolu-sredi-sbornih-komand-obsheobrazovatelnih-uchrezhdenij-sredi-uchashihsya-1998-g-r.html
o-provedenii-pervenstvo-centralnogo-federalnogo.html
  • predmet.bystrickaya.ru/serovodorod-9-46-uchebnoe-posobie-dlya-uchashihsya-moskva-prosveshenie.html
  • school.bystrickaya.ru/konstitucionnie-osnovi-organizacii-mestnogo-samoupravleniya-v-rf.html
  • holiday.bystrickaya.ru/ob-organizacii-i-provedenii.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-7-psihologiya-peregovornogo-processa-po-razresheniyu-konfliktov-praktikum-po-konfliktologii-2-e-izdanie-dopolnennoe.html
  • textbook.bystrickaya.ru/ii-kurs-1-semestr-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-inostrannomu-yaziku-anglijskij-nazvanie-disciplini.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/tolerantnost-v-rossii-istoriya-i-sovremennost-naimenovanie-meropriyatiya-konferenciya-seminar-simpozium.html
  • predmet.bystrickaya.ru/sabati-tairibi-blmdlk-masati.html
  • student.bystrickaya.ru/24-organizaciya-upravleniya-sistema-svyazi-i-opovesheniya-plan-po-preduprezhdeniyu-i-likvidacii-avarijnih-razlivov.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/proizvodstvo-v-arbitrazhnom-sude-rf.html
  • shkola.bystrickaya.ru/tablica-4-eksperimentalno-teoreticheskoe-obosnovanie-gigienicheskih-meropriyatij-pri-razvertivanii-i-rabote-polevih.html
  • testyi.bystrickaya.ru/analiz-dinamiki-tovarooborota-2006-2008-gg.html
  • composition.bystrickaya.ru/pensionnaya-reforma-socialnij-finansovij-i-informacionnij-aspekti.html
  • esse.bystrickaya.ru/programma-seminara-10-00-otkritie-seminara-privetstvennaya-rech-rukovoditeli-gk-yuts-dsm-fs-10-15.html
  • essay.bystrickaya.ru/biograficheskaya-biblioteka-f-pavlenkova-stranica-23.html
  • literature.bystrickaya.ru/domashnee-chtenie-serbskaya-skazka-dorogoj-drug.html
  • control.bystrickaya.ru/bkej-ordasi-audanini-shalajdai-eld-mekendernde-tratin-balalardi-zhalpi-blm-beretn-mektepterge-tasimaldaudi-shemasi-men-trtbn-bektu-turali.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/magistranti-5-kurs-rabochaya-programma-f-tpu-1-2101-disciplini-inostrannij-yazik-v-sfere-professionalnoj-kommunikacii.html
  • nauka.bystrickaya.ru/vechernij-chelyabinsk-vecherkasu-15042011-pensiya-po-raschetu-monitoring-smi-rf-po-pensionnoj-tematike-18-aprelya-2011-goda.html
  • write.bystrickaya.ru/globalnie-logisticheskie-koncepcii-upravleniya-materialnim-potokom-kratkij-konspekt-kursa-lekcij-po-kommercheskoj.html
  • university.bystrickaya.ru/funkcii-administrativnih-organov-gosudarstva-programma-kompleksnogo-gosudarstvennogo-ekzamena-po-specialnosti.html
  • notebook.bystrickaya.ru/ix-evropejskaya-kultura-novogo-vremeni-ot-rascveta-k-krizisu-xvii-xix-veka-stranica-4.html
  • credit.bystrickaya.ru/p-erechen-i-formi-provedeniya-vstupitelnih-ispitanij-dlya-obucheniya-po-programmam-magistraturi-i-attestacionnih-ispitanij-na-vtoroj-i-posleduyushi-e-kursi.html
  • bukva.bystrickaya.ru/primenenie-algebri-viskazivanij-v-informatike.html
  • essay.bystrickaya.ru/dautov-o-sh-elektromagnitnaya-sovmestimost-konspekt-lekcij.html
  • institut.bystrickaya.ru/tenevaya-ekonomika-i-kontrolnie-funkcii-tamozhennih-organov-chast-6.html
  • school.bystrickaya.ru/avtomatizirovannaya-informacionnaya-sistema-dlya-nalogovoj-inspekcii-chast-2.html
  • esse.bystrickaya.ru/r-12-3407-40884vt-0409-kvt-metodicheskie-ukazaniya-po-vipolneniyu-diplomnogo-proekta-po-specialnosti-260501.html
  • lesson.bystrickaya.ru/pochemu-glinyanie-ptici-vzleteli-idris-shah-skazki-dervishej.html
  • crib.bystrickaya.ru/grigorij-ivanovich-gurdzhiev-proishozhdenie-i-zachatie-9.html
  • university.bystrickaya.ru/gde-otvetit-na-sleduyushie-voprosi-kakaya-vasha-cel-v-napravlenii-telo-zdorove-udovolstviya.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/rizhij-ricar-posvyashaetsya-vsem-moim-druzyam-stranica-10.html
  • desk.bystrickaya.ru/otchet-o-kongresse-muor-i-vau-14-iyunya-2008-zavershil-svoyu-rabotu-11-vsemirnij-ochno-zaochnij-kongress.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prikaz-ot-25-avgusta-2010-g-n-558-ob-utverzhdenii-perechnya-tipovih-upravlencheskih-arhivnih-dokumentov-obrazuyushihsya-v-processe-deyatelnosti-gosudarstvennih-organov-organov-stranica-4.html
  • assessments.bystrickaya.ru/duhovoj-orkestr-mvd-chehoslovakii-dirizher-s-horak-nadbanchai-m-stranica-4.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/epidemioloicheskie-osobenosti-skarlatini-v-i-i-mechnikova-25-aprelya-2006-g.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.